Алматыда ер адамның мәйіті табылды

Халық үні

Алдағы уақытта оқиғаның мән-жайы анықталады

фото: ашық дереккөзден

Алматыда Терренкур тоғанынан ер адамның денесі табылды. Су бетінде қалқып жүрген мәйітті сол маңда демалып жүрген тұрғындар көрген, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті. 

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тергеуді бастады.

«Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматтың кім екені анықталды. Ол 1963 жылы туған. Алдағы уақытта оқиғаның мән-жайы анықталады. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.