Қайғылы оқиға қаланың орталығында болған
Әлеуметтік желіде Атырау қаласында «КамАЗ» автокөлігінің астына түскен ер адамның видеосы тарады. Видеодан ер адамның жүріп келе жатқан көліктің алдына шығып, жерге жата салғанын көруге болады. Оқиға 25 шілдеде кешкі жеті шамасында болған.
Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ 34 жастағы ер адамның өзіне қол жұмсау мақсатында ас үй пышағымен мойнын кескені анықталды. Ер адамды жолда полиция қызметкерлері тоқтатпақ болған, алайда ер адам жүріп келе жатқан автокөлік алдына секірген. Ер адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Науқасты дәрігерлер бақылауға алды.
Айта кетейік, биыл жыл басынан бері алты ай ішінде
облыста 155 жол апаты тіркелген. Салдарынан 40 адам қаза тауып, 189 адам әр түрлі жарақат алған.