Бүгінде карантинді күшейту мәселесі ведомствоаралық комиссияда (ВАК) қаралып жатыр
Денсаулық сақтау вице-министрі – бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай нашарласа, карантин талаптары күшейетінін айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.
Оның айтуынша, өңір «қызыл» аймаққа өтсе, халықтың жүріп тұруына кәсіпкерлік нысандар жұмысына шектеу қойылуы мүмкін. Шектеу екі кезең бойынша жүргізіледі. Онда қанша науқастың ауруханаға жатқызылғаны және қанша адамға алғашқы медициналық-санитарлық көмектің көрсетілгені ескеріледі.
Шектеу шараларын енгізу жөніндегі ұсыныстар ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізіледі, - деді Қазақстанның бас санитар дәрігері.
Бірінші кезеңде денсаулық сақтау министрлігі «қызыл» аймаққа өткен өңірлерде төмендегі шектеулер енгізеді:
Екінші кезеңде денсаулық сақтау министрлігі төмендегі шектеулерді енгізуді ұсынбақ:
Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың жаңа штамдарының Қазақстанға әкелудің алдын алу үшін мемлекеттік шекарада шектеу енгізетіні туралы ескертеді.
Айжан Есмағамбетова кез-келген шектеуді енгізу мәселесі ВАК-та қаралатынын, кейін нақты шешім қабылданатынын атап өтті.