Украина әскері түнде 170 жауды жаһаннамға жіберді
«Кобзонның концертіне жіберілген» солдаттардың саны 39 870-ке жетті
Украина әскерлері өткен тәулікте тағы 170 ресейлік басқышыны тозаққа аттандырды.
Бұл туралы «УНИАН» поталы хабарлады.
Украина Қарулы күштерінің штабы Ресей оккупанттарының украин жерінде осы уақытқа дейін «Кобзонның концертіне жіберілген» солдаттары саны 39 870-ке жеткенін атап көрсетті.
Ұлыбритания барлау қызметі бұдан бірнеше күн бұрын украин қорғаушыларының оғынан жер жастанған басқыншылар санының 55 мыңға барып қалғанын мәлімдеген болатын.
Бас штабтың мәліметіне қарағанда, 24 ақпаннан 26 шілдеге дейінгі аралықта жаудың
1737 танкісі, 3959 жауынгерлік бронды машиналары мен 880 артиллериялық жүйелері жойылды.