Петропавлда көшенің аты қазақшаланып жатыр
Олардың бірде-біреуіне адамның есімін берілген жоқ
Петропавл қаласында осы кезге номерленіп келген 16 көшенің аты мемлекеттік тілдегі атауға ие болды.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Бұған дейін құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінен және осы шағын ауданның тұрғындарынан көшелерді жаңаша атау бойынша 4 өтініш түскен. Жұмыс тобы оны шілде айының басында қарады. Тиісті тәртіп бойынша көшелерді жаңадан атау бойынша материалдар тұрақты комиссияда қоғамдық тыңдау өткізу үшін Петропавл қалалық мәслихатқа жіберілді, – делінген хабарламада.
Одан кейін материалда жұмыс тобының мүшелері, қалалық мәслихаттың депутаттары, Петропавл қаласы әкімдігінің өкілдері, облыс орталығының тұрғындарының ортақ бір шешімге келе отырып, бұған дейін номерленіп келген көшелерге төменде жарияланған атаулар беру туралы шешім қабылданғаны айтылған.
№1 көше – Шаңырақ,
№2 көше – Ынтымақ,
№3 көше – Саяхат
№4 көше – Баянды
№5 көше – Шабыт
№6 көше – Думан
№7 көше – Аққайың
№8 көше – Қайнар
№9 көше – Достық
№10 көше – Көктерек
№11 көше – Татулық
№12 көше – Сарыарқа
№13 көше – Ұлытау
№14 көше – Отбасы
№15 көше – Жарқын
№16 көше – Орда деп аталды.
Өздеріңіз байқаған шығарсыздар, көшелердің бірде-біреуіне ақынның не танымал тұлғаның есімін берген жоқпыз. «Солнечный-2» қаланың шеткері ауданы, түсініспеушіліктер болмауы үшін осылайша бейтарап, әрі әдемі қазақша атау беруді дұрыс деп шештік, – деді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин.
Көше атын беру мәселесі Петропавл қалалық әкімдігінде «Солнечный-2» шағын ауданындағы көшелерге жаңа атау беру бойынша өткен жиында қаралды.