Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ
Қарағандыда тепловоз бен жүк көлігі соқтығысты. КамАЗ жүргізушісі қауіпке қарамастан, теміржол өткелінен өтіп кетпек болған. Облыстық полиция департаменті автокөлік регистраторына жазылған видеоны зерделеп жатыр.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жүк көлігінің жүргізушісі медициналық көмекке жүгінбеген.
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат сенбі күні кешкі алты шамасында болған. 32 жастағы КамАЗ жүргізушісі Бұқар жырау даңғылынан Бытовая көшесінің бойымен Асфальтная көшесіне қарай кетіп бара жатып, теміржол өткелінде тепловозбен соқтығысты. Салдарынан екі көлікке де механикалық зақым келген.
Полиция өкілдері өткелде қажетті жол белгілері болғанын, ал семафор қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.