«Әділдік жолы» атқарушы директоры жұмыс сапарымен СҚО-да жүр
Сапар барысында жергілік қоғам белсенділері және еріктілермен кездесу өтеді
«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды.
Сапар барысында ең алдымен Солтүстік Қазақстан облысындағы «Атамекен» республикалық кәсіпкерлер палатасына барып, онда автомобиль жолдары саласындағы бизнес субъектілерімен кездесу өткізеді.
Бірінші кезеңде кәсіпкерлік қызмет субъектілері арасында кешенді құқықтық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Жұмыс сапары аясындағы екінші нысан – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің СҚО бойынша департаменті. Онда СЖҚА бастығының міндетін атқарушы С.Н. Перовпен кездеспек.
Іс-шараның мақсаты – бизнес-климатты жақсартудың өзекті мәселелерін талқылау, кәсіпкерлер құқығының бұзылуына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың тиімді әдістерін әзірлеу, - деп хабарлады Дидар Смағұлов.
Жұмыс сапарының үшінші кезеңінде Антикордың СҚО бойынша департаменті ғимаратының баспасөз мәжіліс залында қоғамдық пікір жетекшілері, белсенділер, еріктілер және БАҚ өкілдерімен кездесу болмақ.
Жұмыс сапары төртінші кезеңі - «Әділдік кеңесі» кандидаттарымен кездесу.
Сапар соңында әкім орынбасарлары мен аудан әкімдіктерінің бөлім басшыларын тарта отырып, видео-байланыс режимінде автомобиль жолдары саласындағы жауапты мемлекеттік органдармен кездесу өтеді.
«Талқылаудың мақсаты - жолдарды салу, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтай отырып, жол саласының мәселелеріне назар аудару», - деді Дидар Смағұлов.