Ала тақтадағы айқастар 28 шілде мен 10 тамыз аралығында Үндістанның Ченнай қаласында өтеді
Динара Сәдуақасова Үндістанда өтетін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысудан бас тартты.
Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында айтты.
Осы жазда мен Үндістанда өтетін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдадым. Бірқатар міндеттемелерге байланысты жауапты шараға дайындала алмадым. Дегенмен алдағы жарыстарға міндетті түрде қатысамын деген сенімдемін. Бұл үшін негізгі фактор - оқытудың тиісті деңгейіне қажетті барлық ресурстардың жеткілікті мөлшері.
Әрине, бүгін мен барша қазақ спортшыларына күш-қуат, сәттілік тілеймін. Әріптестерімнің абыроймен өнер көрсетіп, жоғары кәсіби шеберліктерін көрсете алатындарына сенімдімін, – деді ол.
Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына 28 шілде мен 10 тамыз аралығында Үндістанның Ченнай қаласында өтеді. Осымен Олимпиаданың 44 рет жалауы желбірейді.
Гроссмейстер, Қазақстан әйелдер құрамасының жаттықтырушысы Александр Моисеенконың айтуынша, шахмат олимпиадасында команда алдында үздік үштікке ену міндеті тұр.
Біздің әйелдер командасы өте мықты. Біз медаль алып, үздік үштікке кіру үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Бәсекелестер де, қарсыластар да мықты. Бұл рейтингтік жарыстың фавориттері – Үндістан құрамасы. Сондай-ақ біздің бәсекелестеріміз – Украина, Грузия, Польша, АҚШ, Әзербайжан, – деді Александр Моисеенко.
Оның айтуынша, бұл елдердің ерлер құрамасы да мықты. Қазақстан ерлер құрамасы үшін ең бастысы – рейтингті көтеру, үздік жиырмалықтан көріну.
Бұл олар үшін өте жақсы нәтиже болады. Бізде аздап басқа тапсырмалар бар. Жігіттер мықты, болашағы зор. Біз оларға сенеміз, – деді бапкер.
Қазақстан әйелдер құрамасы сапында Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова мен Гүлісхан Нахбаева бар. Ерлер құрамасында Ринат Жұмабаев, Мұртас Қажғалиев, Денис Махнев, Жандос Ағманов пен Арыстанбек Уразаев өнер көрсетеді.
Қазір спортшылар Алматыда бірге жаттығып жатыр. Олар ертең Үндістанға ұшады.