«Әділдік жолы» өкілі павлодарлық белсенділермен кездесті

Халық үні

Кездесуде әр саладағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы айтылды

фото: «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі

«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі атқарушы директорының орынбасары Нұрлыбек Мұқанов жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғамды алаңдатып отырған мәселенің бірі. Бұл қылмысқа қарсы көптеген іс-шара қолға алынып жатыр. Соған байланысты Нұрлыбек Мұқанов ұлттық компания, мемлекеттік органдар, журналистер,  блогерлер және қоғам белсенділерімен кездесіп, әр саладағы сыбайлас жемқорлық туралы сөз қозғады.

Қазір өзекті мәселенің бірі – елдегі жолдың жағдайы. Соған байланысты маман республикалық және жергілікті жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орындыекенін жеткізді. Сапасыз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет етеді және бұған мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатқанын ел президенті де сынға алды.

Осы мәселе бойынша «Қазавтожол» ұлттық компаниясы» акционерлік компаниясының Павлодар облыстық филиалы басшысы және полиция департаментінің әкімшілік полиция басшылығымен кездесуде көптеген сұрақ талқыланды. Осы салалар бойынша заңдарға, құқықтық актілерге өзгерістер, толықтырулар қажет екені айтылды.