«Зорланып жатқанын видеоға түсірген»: полицей қызын сатқан әйел туралы айтты
Ол әйелді көрген кезімдегі көңіл күйімді жеткізу мүмкін емес
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкері Дина Төлебаева 18 жыл бойы тергеу изоляторында жұмыс істеп келеді.
Ол Polisia.kz порталына берген сұхбатында қазір өз өмірі үшін алаңдайтынын мойындайды. Айтуынша, түрмеде сіз өзіңіздің алдыңызда қандай адам тұрғанын және оның ойында не бар екенін білмейсіз.
«Жаңа тұтқынды қабылдағанда іштей қорқыныш пен толқу болады. Алайда мен әрқайсысымен тіл табысуға тырысамын. Өзіңе жақын тартып, ақырындап психолог бола бастайсың ғой. Мен әйелдермен жұмыс істеймін. Олар көбінесе өз ойларымен бөліседі, проблемаларын айтады. Оларды әрдайым тыңдап, кеңес беремін. Мұнда контингент әртүрлі. Олардың арасында ұрылар, нашақорлар, алаяқтар бар. Бірақ мен бәріне бірдей қараймын. Өйткені олар – біз сияқты адамдар, тек сүрініп кеткен», – дейді Дина Төлебаева.
Сондай-ақ ол бір сұмдық жайтты есіне алды.
«Әлі ойымнан кетпейтін бір іс бар. Бізде өз баласын сатқан ана бар.
Ол 12 жасар қызының зорланып жатқанын видеоға түсірген. Ол әйелді көрген кезімдегі көңіл күйімді жеткізу мүмкін емес.
Менің өзімнің 3 балам бар. Ондай қатыгез болу мүмкін бе, түсінбеймін», - дейді Дина Төлебаева.