×

АҚШ Ресейді терроризмді демеуші мемлекет деп жариялайды

Елші оны дәлелдейтін барлық құралды қолданатынын айтты

 Дастан Жұмабекұлы 26.07.2022 | 16:00
фото: gazeta.ru

АҚШ Ресейді Украинаға басып кіріп, соғыс ашып, бейбіт халықты қырғаны үшін терроризмге дем беруші мемлекет деп жариялауы мүмкін.

Бұл туралы «УНИАН» порталы хабарлады.

Осыған қатысты АҚШ-тың ұстанымын Құрама Штаттардың Украинадағы елшісі Бриджит Бринк «Азаттық» радиосына берген сұхбатында кеңірек айтып берді. Ол бұл мәселенің Америка заңдарына сәйкес мұқият талдау жасауды қажет ететінін мәлімдеді.

Ресейді терроризмге демеушілік жасаушы мемлекет деп жариялауға келсек, біз оны арнайы қарап, талқылайтын боламыз. Ол Америка заңдарына сәйкес мұқият талдау жасауды қажет етеді. Біз Ресейді терриризмді демеуші ел ретінде дәлелдей алатын барлық құралдарды қолданамыз. Біз Ресейді өзіміздің заңдарымызға сәйкес жауапқа  тартуды жалғастыра береміз, – деді Бринк.

«УНИАН» полрталының хабарлауынша, 21 шілде күні Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннен Ресейді лаңкестікке демеуші мемлекет ретінде тануды талап еткен болатын. Ал егерде оның талабы орындалмаса ол мәселені АҚШ Конгресі алдына өзі қоятынын ескертті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама