×

Атыраулық дәрігерлер дабыл қақты: қатерлі ісікке шалдыққандар көбейді

Облыста жыл басынан бері 230 адам бас және мойын қатерлі ісігіне шалдыққан

 Айнұр Асылбекқызы 26.07.2022 | 15:23
Фото: ашық дереккөз

Атырау облысында жыл басынан бері 230 адам бас және мойын қатерлі ісігіне шалдыққан. Соған байланысты жергілікті дәрігерлер аурудың алдын алуға шақырды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте онкология диспансері директорының орынбасары Руслан Бривков науқастардың 60%-ы ауру асқынған кезде дәрігердің көмегіне жүгінетінін айтты.

Сол себепті жұтынғанда ауырсыну, тілдің ауруы, дауыстың өзгеруі, мұрын және тамақтың бітелуі сияқты қарапайым өзгерістер болса, бірден дәрігерге бару қажет.

Қатерлі ісікті ерте диагностикалау үшін мойынға УДЗ және басқа МСКТ, МРТ зерттеулері жүргізіледі. Қатерлі дертке күдік болса, биопсия алынады.

«Қазір облыста 4509 науқас диспансерлік есепке алынған, оның 230-ы бас және мойын қатерлі ісігіне шалдыққан. 31 науқастың ернінде, 54 адамда тіл, ауыз қуысы және жұтқыншақта қатерлі өзгеріс бар, бір адамда сілекей безі, бір адамда жұтқыншақ ісігі, 5 адамнан қалқанша безі анықталды», - деді Руслан Бривков.

Оның ішінде 19 науқас емдеуге жатқызылды, алты науқас емін аяқтады. Жеті адам ем алудан бас тартты, алты адам ем алып жатыр.

Айта кетейік, жыл сайын 25-31 шілде аралығында бас және мойын қатерлі ісігіне дүниежүзілік күрес күні өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама