×

Еттің қымбаттауына ешқандай негіз жоқ – вице-премьер

Үстеме бағаны 15%-дан асырмау бағытында тиісті шаралар жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 26.07.2022 | 15:04
Фото: old.hook.report

Қазір Қазақстанда еттің қымбаттауына ешқандай негіз жоқ. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, базар иелерінің, әкімшілерінің жауапкершілігін арттыру бағытында заңнамалық өзгерістер енгізіліп жатыр.

Ет бағасының өсуіне ешқандай негіз жоқ. Делдалдар туралы айтып отырсыз, бүгінгі таңда тауар өндіруші фермерлерден еттің бағасы орташа есеппен 900 теңгеден алынады. Әрі қарай нарыққа жеткенше монополиялар, басқа да делдалдар, олигополиялар арқылы баға өсіп кетеді. Бұл жағынан біз жұмыс істеп жатырмыз, – деді вице-премьер.

Бұған қоса жергілікті органдармен бірлесіп, кішігірім сауда обьектілерінде үстеме бағаны 15 пайыздан асырмау бағытында тиісті шаралар жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Үйлердің қасындағы шағын дүкендердің де тиісті жауапкершілігін арттыру үшін қосымша шаралар енгізілетін болды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бақыт Сұлтанов «елде қант жоқ» деп айта бермеуге шақырғанын жаздық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама