×

Қызылорда облысы экс-әкімінің не себепті бостандықта жүргені айтылды

7 жылға сотталған Қызылорда облысының бұрынғы әкімі бостандыққа шықты

 Халық үні 26.07.2022 | 13:36
Қуанышбек Ысқақов, фото: ашық дереккөзден

Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовтың жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу жазасымен ауыстырылды. Қызылорда қаласының №2 сотының хабарлауынша, Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен жаза тағайындау бөлігі өзгертілген. Бас бостандығынан айыру жаза мерзімі 6 жыл мерзімге дейін төмендетілді. Қуанышбек Ысқақов соттан жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен, яғни айыппұл түріне немесе бас бостандығын шектеу жазасына ауыстыруды сұраған. Сотта ЗК-169/5 мекемесі РММ-нің өкілі сотталғанға берілген мінездемені қуаттап, жазасын өтеу барысында белгіленген ішкі күн тәртібі ережелерін және режим талаптарын бұзушылығы болмағанын атап өтті.

Атап өтсек, 2020 жылдың желтоқсанында Қуанышбек Ысқақов Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылып, жазасын өтеу мерзімі 2020 жылдан бастап есептелді.

Ведомство мәліметінше, сот үкім бойынша талап арыз негізінде өндірілген қылмыспен келтірілген мүліктік залал, мемлекет пайдасына мемлекеттік баж шығыны, мемлекет пайдасына процестік шығын, өтемақы қоры толық өтелгенін, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзбағаны көрсетілген. Жәбірленуші өкілі жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтінішхатына қарсы емес екендігін білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама