×

Қазақстан Сауд Арабиясына ет сатады

Тараптар келісімге қой қойды

 Дастан Жұмабекұлы 26.07.2022 | 13:24
Көрнекі фото

Сауд Арабиясы Корольдігінде екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту мақсатында іскер топтардың өкілдерінің қатысуымен инвестициялық дөңгелек үстел өтті.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясына сапары аясында отандық ет экспорттаушылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол беретін құжаттарға қол қойылды.

Тараптар Қазақстаннан сиыр еті мен қой еті импортына қойылатын санитариялық және техникалық талаптар хаттамасына қол қойды.

Жиында Сауд Арабиясының азық-түлік секторы жөніндегі вице-президенті Мұхаммед әл-Насар мен Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев келісім жасасты. Қол қойылған хаттама қазақстандық қой және сиыр етін өндірушілер үшін өткізу нарығын кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама