Боксшылар шаршы алаңда 17 қыркүйекте кездеседі
Мексикалық Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен жекпе-жек алдында командасындағы екі жаттықтырушымен жұмыс істеуден бас тартты.
Ресейлік Дмитрий Биволдан жеңілістен кейін «Канелоның» командасында айтарлықтай өзгеріс болды. Мәселен, «Канелоның» дене дайындығы бойынша бапкері Мунир Сомойя қызметінен кетті. Эдди Рейносоның көмекшісі болып жүрген Замир Лозано да мексикалықтың командасынан кететінін айтты.
Головкин мен Альварес жекпе-жегі 17 қыркүйекке жоспарланған. Бұл айқас Лас-Вегастағы «T-Mobile» спорт кешенінде өтеді.