«Қазақ титаны» мен «Иран Халкы» көзарбасу кезінде төбелесіп қалды (ВИДЕО)
Жекпе-жек 31 шілдеде Dubai P7 Arena шаршы алаңында өтеді
«Қазақ титаны» лақап атымен танымал Алмат Жұманов «Иран Халкы» атанған Саяд Гарибимен жекпе-жек алдында кездесті деп хабарлады Vesti.kz.
Қарсыластар көзарбаспақ болды, бірақ оның соңы төбелеспен аяқталды.
Бокс ережесі бойынша бұл жекпе-жек 31 шілдеде Dubai P7 Arena шаршы алаңында өтеді деп жоспарланған. Промоушенмен Wicked N' Bad компаниясы айналысады.
Жекпе-жек форматы – 2 минуттан 4 раунд.