Halyq Uni логотип
×

Атырауда ерлі-зайыптының мәйіті табылды: полиция екі бап бойынша іс қозғады

Ерлі-зайыптының артында 4 баласы қалды

 Айнұр Асылбекқызы 26.07.2022 | 12:10
Атырауда ерлі-зайыптының мәйіті табылды: полиция екі бап бойынша іс қозғады
Фото: ашық дереккөз

Атырау қаласында пәтерлердің бірінен ерлі-зайыптының мәйіті табылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

25 шілде кешкі сағат жеті жарым шамасында полицияға 64 жастағы әйел хабарласқан. Ол пәтерге кіре алмай тұрғанын, қызы есік ашпай жатқанын айтқан.

Көрсетілген мекенжайға келген төтенше жағдай департаменті қызметкерлері пәтер ішінен 30 жастағы әйел мен 26 жастағы ер адамның мәйітін тапты.

Облыстық полиция департаменті аталған дерекке қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша («адам өлтіру») және 105-баптың 1-бөлігін («өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша тергеу бастады.

Ерлі-зайыптының артында 4 баласы қалды. Бұл пәтерді 30 жастағы әйел бір ай бұрын жалға алған. Сондай-ақ екеуінің ажырасқалы жүргені анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама