Бұл қару Ресей әскерінің арсенал тасымалдау және артиллериялық шабуыл жасау мүмкіндігінен айырды
Украина үкіметі Ресей армиясы басып алған Херсон облысын қайтаруды көздейді.
Президент Владимир Зеленский өткен тәулікте Украина жауынгерлерінің бұл аймаққа шығыстан біртіндеп еніп жатқанын жеткізді.
Жақында Украина қарулы күштері Херсонда АҚШ-тан әкелінген «Химарс» зымыран жүйесімен үш көпірді зақымдап, Ресей әскерінің арсенал тасымалдау және артиллериялық шабуыл жасау мүмкіндігінен айырды.
Батыстық сарапшылардың дерегінше, ресейліктер қазір майдан даласында «Химарстан» қорғану тәсілдерін іздестіріп жатыр.