Нұр-Сұлтанда газ толтыру станциясы өртенді
Өрттен төрт адам зардап шеккен...
Елордада болған өрттен 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайлар департаменттің мәліметінше, 25 шілде күні сағат 22-05-те 101 пультіне Қобда көшесі 6 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жедел түрде Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД құтқарушылары жіберілді.
Өрт сөндірушілер келгенде бір қабатты ғимарат өртеніп жатқанын, сондай-ақ екі қабатты ангардың шатыры, газ толтыру станциясында газ лаулап жанып жатқан.
«Өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылды, өрт сөндіруші учаскелер ұйымдастырылды.Жедел жәрдем станциясының алдын ала ақпараты бойынша өрттен төрт адам зардап шеккен. Өрт сөндірушілер өртті сағат 00.05 - те ауыздықтады», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер өртті жою бойынша жұмыс істеп жатыр.