×

Ашынған Мәсімова әкімдікке барып, кір жуды (ВИДЕО)

Ол өз наразылығын осылай білдірді

 Халық үні 25.07.2022 | 20:40
фото: видеодан скриншот

Бүгін Зульфия Мәсімова Тұздыбастау ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында кір жуып, өз наразылығын осылайша білдірді. Ол үйінде су жоқ екенін айтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Жергілікті әкімдік бұл әйел тұратын Айжарық ықшам ауданына «Талғар Су» жекеменшік су құбыры арқылы су жеткізетінін мәлім етті. Ал бұл су құбыры жеке тұлға өз есебінен жүргізілген. Оның арқасында 150-ге жуық үй сумен қамтамасыз етілген.

Бірақ олардың арасында Мәсімованың үйі жоқ. 2021 жылы әйелдің өтініші бойынша жергілікті әкімдік 150 метр құбыр жүргізіп берген, бірақ жазда су ақырын ағатынын ескерткен.

Ауылдық округ әкімінің орынбасары Жалғасбай Өмірзақтың айтуынша, бүтін ықшам аудан қосылған жеке су құбырын салуда құрылыс нормалары дұрыс сақталмаған, сондықтан оны қайта жаңарту қажет.

Енді «Талғар Су» тұрғындарға кәсіпорынның қайта құрылымдап, су беруді жеткілікті көлемге жеткізу үшін қайта шарт жасасуды ұсынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама