Басқыншылардың 93 жауынгері қаза тауып, техникалары қиратылды
Украина қарулы күштері елдің оңтүстігінде жаудың жүзге жуық жауынгерін жер жастандырды.
Сонымен бірге Ресейдің Херсон облысында басып алған жерлерді атқылап, Росгвардияның командалық-бақылау пунктін жойып жіберді.
Бұл туралы «УНИАН» порталы хабарлады.
Қазір Қара теңіз үстін Ресейдің бортында «Калибр» тектес 16 ракетамен жарақтандырылған екі кораблі қарауылдап жүр.
Украина қарулы күштері оккупанттардың Херсон облысындағы төрт тірек пунктіне, Николаев аумағындағы адам күштері мен техникаларына төрт рет авиациядан ауыр соққылар жасады.
«Пивдень» жедел командованиесінің хабарлауынша, басқыншылардың 93 жауынгері қаза тауып, «Град» дүркін отты реактивті жүйесі, 3 БТР-82, 2 өздігінен жүретін қуатты «Пион» пушкасы, оқ-дәрі тиелген 6 автотехника бірлігі көлемінде шығынға ұшырады.
Украина Қорғаныс министрлігі барлау басқармасының бастығы Кирилл Буданов ресейліктердің осыған жауап ретінде Херсон бағытында шабуыл жасағалы жатқаны туралы кезекті өтіріктерін жоққа шығарды.