Елден Ресейдің рублін әкетуге рұқсат берілді

Дастан Жұмабекұлы

Ақшаны шетелге шығару мерзімі 31 тамызға дейін болады

Көрнекі фото

Екінші деңгейлі банктің кассаларында 2 шілдеге дейін жиналған қолма-қол рубльді елден әкетуге рұқсат берілді.

Үкіметтің қаулысына сәйкес, екінші деңгейлі банк кассаларында 2 шілдеге дейін жиналған қолма-қол рубльді шетелге алып кетуге болады. Шетелге әкету мерзімі 31 тамызға дейін болады.

Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады.

Екінші деңгейдегі банктерге 2022 жылғы 31 тамызға дейін деректер кассаларында 2022 жылғы 1 шілдедегі сағат 23.59-да жинақталған көлем шегінде Қазақстаннан қолма-қол Ресей рублін әкетуге рұқсат берілсін, - делінген Үкімет қаулысында.

Бұдан бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел аумағынан алтын мен шетел валютасын әкетуге қатысты жарлығына толықтыру енгізген.