Елден Ресейдің рублін әкетуге рұқсат берілді
Ақшаны шетелге шығару мерзімі 31 тамызға дейін болады
Екінші деңгейлі банктің кассаларында 2 шілдеге дейін жиналған қолма-қол рубльді елден әкетуге рұқсат берілді.
Үкіметтің қаулысына сәйкес, екінші деңгейлі банк кассаларында 2 шілдеге дейін жиналған қолма-қол рубльді шетелге алып кетуге болады. Шетелге әкету мерзімі 31 тамызға дейін болады.
Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады.
Екінші деңгейдегі банктерге 2022 жылғы 31 тамызға дейін деректер кассаларында 2022 жылғы 1 шілдедегі сағат 23.59-да жинақталған көлем шегінде Қазақстаннан қолма-қол Ресей рублін әкетуге рұқсат берілсін, - делінген Үкімет қаулысында.
Бұдан бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел аумағынан алтын мен шетел валютасын әкетуге қатысты жарлығына толықтыру енгізген.