Halyq Uni логотип
×

Атырау облысында 24 қойды көлік таптап өтті

Материалдық шығын көлемі 1 200 000 теңге деп есептелді

 Айнұр Асылбекқызы 25.07.2022 | 15:01
Атырау облысында 24 қойды көлік таптап өтті
коллаж: Halyq Uni

Атырау облысында автокөлік уақ малды қағып кетті, салдарынан 1,2 миллион теңге материалдық шығын келді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 25 шілдеде сағат 06.30 шамасында Атырау – Ақтөбе тас жолының 400 шақырымындағы Жантерек елді мекені тұсында болған.

Ravon R4 автокөлігінің жүргізушісі 24 қойды қағып кеткен. Материалдық шығын көлемі – 1 200 000 теңге.

Полиция қой бағып жүрген азаматтың малды белгіленген жерден өткізбей, тас жолдың үстінен өткізгенін анықтады. Оған қатысты жеке тұлғаның мүлкіне залал келтіргені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабының 2-бөлігі («ауыл шаруашылығы жануарларын жаб қағидаларын бұзу») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама