Halyq Uni логотип
×

Қытайда халық азайып жатыр

Үш балаға рұқсат берілсе де адам саны көбеймей отыр

 Дастан Жұмабекұлы 25.07.2022 | 14:10
Қытайда халық азайып жатыр
фото: 9111.ru

Қытай халқы жыл өткен сайын азайып барады. Бұл туралы зерттеу жасаған ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы соңғы кезде табиғи өсімнің айтарлықтай баяулағанын мәлімдеді.

Зерттеулерге сәйкес 2025 жылға дейін халық саны тағы да азаяды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, қазір Қытай билігі халықтың табиғи өсімін қалпына келтіру үшін күресіп жатыр. Өйткені, көптеген жастар қымбатшылық пен ауыр жұмысқа және басқа да себептерге байланысты  балалы болудан бас тартқан.

ҚХР ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының халық және отбасы мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Ян Вэньчжуан айтуынша, 2021 жылы бірнеше провинциядағы жаңа туған балалардың саны соңғы 50 жылдағы ең төмен көрсеткіш болып отыр. Орталық Хунань провинциясында 60 жыл ішінде жаңа туған сәби саны алғаш рет шамамен 500 000-нан азайған.

Өткен жылы Қытайда әйелдердің үш балалы болуына рұқсат берілген болатын. Алайда, балалардың көбеюіне ол да көмектеспей жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама