Ресей енді Украинада ұрланған қарбыздарды сатып жатыр

Дастан Жұмабекұлы

Оларға «Z» белгісі жапсырылған

фото: SOTA Telegram-арнасы

Краснодар қаласында Украинада ұрланған қарбыздар сатылып жатыр.

Бұл туралы socportal.info хабарлады.

Краснодарда Украианның Херсон облысынан ұрланған қарбыздар сатылымға түсті. 1 килосы – 25 рубль. Қарбыздар «Жуков атындағы қалашық шағын ауданының базарында сатылып жатыр. Бұл жерде көбінесе отставкаға шыққан әскери қызметшілер тұрады. Олар «Z» белгісі жазылған немесе жапсырылған қарбызды қуана алып, сауданы қыздырып жатыр, – делінген хабарламада.

Бұған дейін «KrasnodarMedia» ақпарат агенттігі қалада Херсон қарбыздарының «Энка» базарында сатылғанын жазған еді.

Атап өтетін бір нәрсе, қарбыз Украинаның Херсон облысында ғана көп егіледі.