Halyq Uni логотип
×

Пугачёва мен Галкин АҚШ-қа біржолата көшкелі жатыр

Ресей оларды Отанның жауы деп қабылдады

 Дастан Жұмабекұлы 25.07.2022 | 09:24
Пугачёва мен Галкин АҚШ-қа біржолата көшкелі жатыр
фото: ruposters.ru

Ресейдің атақты әншісі Алла Пугачёва мен танымал әзілкеші Максим Галкин тұрақты тұру үшін АҚШ-қа біржолата кететін болып шешті.

Бұл туралы Ресей Мемлекеттік думасының бұрынғы депутаты Роман Худяков айтты.

Ura.ru-ның хабарлауынша, ресейлік шоумен, әзілкеш Максим Галкин пен оның жұбайы, әнші Алла Пугачёва АҚШ-та тұратын тұрғылықты жерлерін анықтап алды. Қазір олар Ресейдегі жылжымайтын мүліктерін қайта тіркеумен және сатумен шұғылданып жатыр.

Ресей мен Ресей көрермендерінің сатқыны Максим Галкин тұратын жерін анықтады. Бұған ешкімнің күмәні болған жоқ. Ол АҚШ-ты таңдады. Шамасы, біздің атақты әншіміз де күйеуі Галкинге енді Ресейде тұру мүмкін емес екенін сезініп, сонда баратын сияқты. Галкиндердің отбасы қазір жылжымайтын дүние-мүліктерін қайта тіркеу мен сатуға шұғыл кірісіп кеткен. Соның ішінде замокты да сатады, – деп жазды Худяков өзінің «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, Галкиндер отбасы қыстың соңына дейін АҚШ-та жылжымайтын мүлік сатып алуға үміт артып отыр. Ол әзілкештің келесі жылдың наурыз айында өзінің «америкалық көрермендеріне» бірінші концертін беруді жоспарлап қойғанын да айтты.

Максим Галкин мен Алла Пугачёва биылғы 24 ақпанда Ресей армиясы Украина жеріне тұтқиылдан басып кіргеннен кейін оған наразылық ретінде елден ең алдымен кетіп қалған әртістер қауымы қатарынан табылды. Олар балалары Лиза мен Гарриді алып, алдымен Жерорта теңізі жағалауында бір жарым айдай уақыт демалды. Сол кезде Израильдің курортты қалаларының бірінде тұрды. Содан кейін Латвияның астанасы – Рига қаласына келіп аялдады.

Максим Галкин Израильде өзінің бір концертін беріп те үлгерді.

Ал Ресей оны Отанның жауы деп қабылдады. Ол елге келсе, бірден қамауға алынар еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама