×

Әйгілі Мұхаммед Әлидің чемпиондық белдігі сатылды

Белдікті Мұхаммед Әли отандасы Джордж Форманмен болған шайқаста жеңіп алған болатын

 Қанат Атаманов 25.07.2022 | 07:30
Фото: ашық дереккөздерден

АҚШ-та аты аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әлидің белбеуі сатылды. Спорттық жәдігердің жаңа иесі – «Индианаполис Колтс» клубының басшысы Джим Ирсей, деп хабарлайды Match TV.

WBC нұсқасы бойынша сатылған чемпиондық белдікті Мұхаммед Әли отандасы Джордж Форманмен болған шайқаста жеңіп алған болатын. Кәсіпкер Джим Ирси бұл белдікті 6 миллион АҚШ долларына сатып алды.

Айта кетсек, Мұхаммед Әли 2016 жылы 74 жасында қайтыс болды. Ол спорт мансабында 61 рет рингке көтеріліп, 56 рет жеңіске жеткен.

Біз бұған дейін Мұхаммед Әлидің немересі қарсыласынан 2-раундта жеңіліп қалғаны туралы жазған болатынбыз

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама