Бұл – Сауд Арабия басшылығының Қазақстан президентіне деген зор құрметінің дәлелі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Исламның басты киелі мекені – Мекке қаласындағы Қағбаға кіріп, кіші қажылық (ұмра) жасады.
Президент ерекше құрметке ие болды – ол есіктері ерекше жағдайларда жоғары қонақтарға ашық болатын Кағбаның ішіне кірді. Бұл – Сауд Арабия басшылығының Қазақстан президентіне деген зор құрметінің дәлелі, - делінген Мемлекет басшысының баспасөз хабарламасында.
Естеріңізге сала кетсек, 23 шілде күні Қасым-Жомарт Тоқаев Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудтың шақыруымен Сауд Арабиясына ресми сапармен келген болатын. Сауд Арабиясы Королінің «Каср Ас-Салам» сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алудың ресми рәсімі өтті. Осыдан кейін президент Сауд Арабиясымен маңызды келісімдер туралы мәлімдеді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 13 маңызды құжатқа қол қойды.
Біз бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясына ресми сапармен барғаны туралы жазған болатынбыз.