×

Қасым-Жомарт Тоқаев Меккеде кіші қажылық жасады

Бұл – Сауд Арабия басшылығының Қазақстан президентіне деген зор құрметінің дәлелі

 Қанат Атаманов 25.07.2022 | 05:30
Фото: telegram/БОРТ N1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Исламның басты киелі мекені – Мекке қаласындағы Қағбаға кіріп, кіші қажылық (ұмра) жасады.

Президент ерекше құрметке ие болды – ол есіктері ерекше жағдайларда жоғары қонақтарға ашық болатын Кағбаның ішіне кірді. Бұл – Сауд Арабия басшылығының Қазақстан президентіне деген зор құрметінің дәлелі, - делінген Мемлекет басшысының баспасөз хабарламасында.

Естеріңізге сала кетсек, 23 шілде күні Қасым-Жомарт Тоқаев Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудтың шақыруымен Сауд Арабиясына ресми сапармен келген болатын. Сауд Арабиясы Королінің «Каср Ас-Салам» сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алудың ресми рәсімі өтті. Осыдан кейін президент Сауд Арабиясымен маңызды келісімдер туралы мәлімдеді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 13 маңызды құжатқа қол қойды.

Біз бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясына ресми сапармен барғаны туралы жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама