Оқиға республикалық маңызы бар Атырау – Орал тас жолында болған
Атырау облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды. Оқиға 24 шілдеде жергілікті уақыт бойынша 23:00-де болған, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, республикалық маңызы бар Атырау – Орал тас жолының 19 шақырымы тұсында Toyota Prado көлігі мен ВАЗ автокөлігі соқтығысты. Салдарынан ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен көлік ішінде болған 2 жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Қазір апат орнында полиция және медицина қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Полиция ақпаратына сәйкес, жол апатынан зардап шеккен басқа азаматтар медициналық көмекке жүгінген.