«Джо Байден АҚШ-ты кедей елге айналдырды» – Трамп
Дональд Трамп өзінің әкімшілігі кезінде АҚШ-тың «ең мықты экономикасы» бар ел болды деген тұжырым жасады
Солтүстік Американың бұрынғы президенті республикашыл Дональд Трамп ел әкімшілігінің қазіргі басшысы демократ Джо Байден АҚШ-ты көмек сұрауға мәжбүр болған «кедей елге» айналдырды деп санайды. Бұл туралы ол Флорида шататында студенттік конференцияда сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды eadaily.com
Екі жылдың ішінде біз ең күшті елден әлемдегі танымалдық пен құрметтеу тұрғысынан әлсіз елге айналдық. Қазір бізді ешкім де құрметтемейді. Бүгінге дейін біз энергия мәселесінде ешкімге де тәуелді болған жоқпыз. Бұл бағытта тіпті басымдыққа ие болған едік. Біз бұл тұрғыда Сауд Арабиясы мен Ресейге қарағанда көшбасшы болуға жақындадық, - деді Дональд Трамп.
Дональд Трамп өзінің әкімшілігі кезінде АҚШ-тың «ең мықты экономикасы» бар ел болды деген тұжырым жасады.
«Өкінішке қарай, біз қазір кедей елміз. Джо Байден тізе бүгіп, АҚШ-ты жұрттан энергия ресурстарын жалбарынып сұрайтын кедей елге айналдырды», - деді экс-президент.