Мемлекеттік кеңесші қазақстандықтарды қырағы болуға шақырып, мұндай хабарламаларға сенбеуді өтінді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Instagram-дағы парақшасында белгісіз адамдардың оның атынан желі қолданушыларына әртүрлі хат жазып жүргенін ескертті.
Соңғы бірнеше апта қатарынан ресми аккаунттарды бұзу және жалған аккаунттарды құру жағдайлары жалғасуда. Зиянкестердің құрбандарының арасында көптеген танымал тұлғалар – бизнесмендер, блогерлер, қоғам қайраткерлері және тағы басқалар бар. Өкінішке қарай, менің атымнан Telegram-дағы достарым мен таныстарыма қаржылық мәселе бойынша түрлі жалған өтініштер түсе бастады. Баршаңызды бұл жалған ақпарат екенін хабарлаймын, - деп ескертті Ерлан Қарин.
Мемлекеттік кеңесші қазақстандықтарды қырағы болуға шақырып, мұндай хабарламаларға сенбеуді өтінді.