Түркістан облысында автобан ыстыққа жарамай жатыр
Бұндай жағдай алғаш рет емес
«Самара-Шымкент» жолында (Темірлан ауданы арқылы өтетін бөлігінде) күннің ыстығынан цемент-бетон жабыны көтеріліп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
«Қазавтожол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалы бұған қатысты ресми мәлімет таратты:
Қазіргі уақытта «ШымкентДорстрой ӨК» ЖШС мердігерлік ұйымымен ақауларды жою жұмыстары жүргізілуде. Экскаватор, каток, КАМАЗ, жіккесу құрылғысы және 10 жұмысшы жұмылдырылған. Күннің соңына дейін жол жүру толық қамтамасыз етіледі.
Айта кетсек, бұндай жағдай «Батыс-Қытай - Батыс-Еуропа» күрежолында алғаш рет болған жоқ. Өткен айда да жолдағы бетон көтеріліп кетіп, бірқатар лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды.