Зеленский Тоқаевқа ЛХР мен ДХР-ді мойындамағаны үшін алғыс айтты

Халық үні

Бұл туралы Зеленский өзінің Twitter парақшасында жазды

фото: ашық дереккөзден

Украина президенті Владимир Зеленский Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Атап айтқанда, ЛХР мен ДХР-дің тәуелсіздігін мойындамағаны үшін алғысын білдірді. 

Мен Қазақстан президенті Тоқаевпен телефон арқылы сөйлестім. Мен оған Украинаның аумақтық тұтастығын принципті қолдағаны, ЛХР, ДХР-ді мойындамағаны үшін алғыс айттым, - деп жазды Украина президенті. 

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте өткен форумда ДХР мен ЛХР-дің тәуелсіздігін мойындамайтынын Путиннің көзінше ашық айтқан болатын.