Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында мектеп мүлкі сатылымға қойылған

Бұл дерекке қатысты ішкі тергеу жүргізілмек

 

 Халық үні 23.07.2022 | 23:01
Алматы облысында мектеп мүлкі сатылымға қойылған
фото: azattyq.ruhy

Танымал сайттардың бірінде Талғар ауданында орналасқан мектеп мүлкі сатылымға қойылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Хабарламада Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Гүлдала ауылындағы № 21 мектептің ескі терезелері сатылатыны жазылған. Бір терезе 30 мың теңгеге бағаланған. Сонымен қатар, сатылымға кітап оқуға арналған лампалар да қойылған. 

Әкімдік өкілдері мектепте 2022 жылдың наурызынан бері жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын растады. Мердігермен 1 млрд 142 млн теңгеге келісімшарт жасалған. Бүгінде демонтаж жұмыстары біткен, енді құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. 

"Жоба бойынша барлық жұмыс істелді, оның ішінде, терезені және лампаларды ауыстыру жұмыстары да бар. Мердігер ұйымның мәліметінше, хабарламаны жариялаған Бекзат ЖШС-да істемейді, сәйкесінше, оның мердігер ұйымға қатысы жоқ. Өтіп бара жатқан кез келген адам суретке түсіріп алуы мүмкін. Нысанға күн сайын жұмыс іздеп жүздеген адам келеді", - деді Талғар аудандық білім бөлімінің өкілдері.   

Мердігер ұйымда хабарламаға байланысты ішкі тергеу жүргізілмек. Хабарламаны кім жариялағаны анықталған жағдайда жұмыстан қуылады.   

Серіктес жаңалықтары

Сараптама