Halyq Uni логотип
×

«Қант» сатып 90 млн теңге пайда тапқан әйел тергелуде

Әйел азуақыттың ішінде халықтан 90 миллион теңге жинап алған

 Халық үні 23.07.2022 | 22:16
«Қант» сатып 90 млн теңге пайда тапқан әйел тергелуде
фото: sputnik.kz

Өскеменде жүздеген адамды тақырға отырғызған 29 жастағы келіншек ұсталды. Халыққа қант сатамын деп алдаған алаяқ 90 миллион теңгеге тонап кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Күдікті алдымен әлеуметтік желіде қант сататынын айтып, жарнаманы жан-жаққа таратқан. Ал байланысқа шыққан адамдармен жылы-жылы сөйлескен. Сосын алдын-ала төлем жасауды сұрады.

Осылайша, аз уақыттың ішінде халықтан 90 миллион теңге жинап алды. Бірақ бірде-бір тапсырыс орындалмады.

Қала тұрғындары алданып қалғандарын түсінгеннен кейін бірден полицияға арыз жазған. Соның негізінде тәртіп сақшылары алаяқ әйелді ұстады. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл қызға қатысты келу міндеттемесі түрінде бұлтартпау шарасы қабылданды», - дейді облыстық полицияның ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Татьяна Карпова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама