Әкімшілік сот Air Astana-ға 1 мың АЕК (3 млн 063 мың теңге) көлемінде айыппұл салған
Азаматтық авиация комитеті рейстерді кешіктіріп, жолаушыларға қолайсыздық туғызған әуе компаниясына айыппұл салынғанын мәлімдеді.
16 шілдеде Алматы-Мале рейсінің жолаушылары Қазақстаннан шыға алмай қалғаны үшін шу көтеріп, наразылық танытқан еді. 15 сағаттан астам ұшағын күткен адамдарға компания тарапынан ешқандай жағдай көрсетілмеген болатын.
Содан кейін Азаматтық авиация комитеті Air Astana әуе компаниясына қатысты тергеу басталғанын жеткізді. Компанияның үстінен әкімшілік іс қозғалып, сот оларға айыппұл кесті.
Ведомство өкілдері рейстерді кешіктірген компаниямен кездесу өткізіп, алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктерге жол бермеуге шақырды.