Қазіргі таңда «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры атқарып жатқан жұмысы мен жұмсалған қаржысы туралы қауесет көп
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры (ҚӘҚ) құрылған болатын. Алайда қазіргі таңда дәл осы қордың атқарып жатқан жұмысы мен жұмсалған қаржысы туралы қауесет көп. «Адырна» тілшісі «Basqaru» қоғамдық қорының төрағасы Марғұлан Ермағанбетұлының пікірін білді.
-Қорға бөлінген қаражат дұрыс жұмсалып жатыр ма? Орыстілді қор құрылтайшылары мен қызметкерлері қазақ тілді ортамен жұмыс істеуге құлықты ма?
-Шындығында қор туралы толық ақпарат жоқ, яғни терең зерттегем жоқ. Дегенмен тіл мәселесінде басшы қандай тілді болса сәйкесінше өзіне ыңғайлы тілді жұмыс тілі етеді.
Мысалға Болат Жәмішев орыс тілді. Оның жұмыс тілі орыс тілі. Ал құрылтайшыларды орыс тілді орта қалыптастырған сияқты. Негізі қаржыны жарату тілдің қатысы жоқ шығар, мысалға ол ел азаматтарына, олардың қажеттіліктеріне жұмсалады.
Дегенмен тілдің дүниетанымға әсер ететіні белгілі, ал дүниетаным шешім қабылдауға әсер етеді. Мысалға орыс тілді кейбір азамат қазақ тілді ортаның мықты ортаға, пікір қалыптастырушы ортаға айналғанын қаламайды.
Қазақ тілді ортаның мықты болуы ол қазақ тіліне сұраныстың артуына әсер етеді. Ал олар бұл өзгерістерге қарсы.
Сол себептен қазақ тілді ортаны қалай да шектеп отыруға тырысады. Мысалға комиссия мүшелері қандастардың мұн мұқтаждарын проблемаларын шешуге қарсылық жасауға қадам жасап отыруы мүмкін.
Өйткені қандастар қазақ тілінің дамуының негізгі тіректерінің бірі.
Естеріңізге сала кетсек, қор келесідей міндеттерді орындайды:
- Қазақстан Республикасының халқына денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша қайырымдылық көмек көрсету;
- төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимін енгізу кезінде Қазақстан Республикасының зардап шеккен халқына көмек көрсету;
- халықтың әлеуметтік осал топтары және осал топ балаларына спорттық инфрақұрылымның дамуы және қолжетімділігін арттыру бойынша жәрдемдесу;
- Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары, арнайы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасыларына және басқа да көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу, қолдау;
- Қор қызметінің басқа бағыттары бойынша қайырымдылық көмек көрсету.