Halyq Uni логотип
×

Қазақстанның Франциядағы төтенше және өкілетті елшісі ауысты

Мемлекет басшысы Гүлсара Арыстанқұлова Қазақстанның Франциядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды

 Халық үні 23.07.2022 | 11:14
Қазақстанның Франциядағы төтенше және өкілетті елшісі ауысты
Фото: ашық дереккөздерден

Бұл туралы Ақорда сайты мәлімдеді.

Мемлекет басшысының жарлығымен Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова Қазақстан республикасының Француз республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, - делінген құжат мәтінінде.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан республикасының Француз республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Монако князьдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама