Halyq Uni логотип
×

Қайырымдылық қорынан 80 млн теңге жымқырған Қызылорда облысының бұрынғы әкімі түрмеден шықты

Алаяқтық бабымен 6 жылға сотталған экс-әкім Қуанышбек Ысқақовтың өз үйінде түскен суреті желіде тарады

 Халық үні 23.07.2022 | 10:46
Қайырымдылық қорынан 80 млн теңге жымқырған Қызылорда облысының бұрынғы әкімі түрмеден шықты
Фото: Эрик Тенизбаев парақшасынан

Жергілікті белсенді Эрик Теңізбаев бұрынғы әкімнің баспанасына барып, оны бостандыққа шығуымен құттықтағанын жазды.

Облысымыздың экс әкімі Ысқақов Қуанышбек бостандықта. Бүгін саулығын біліп, амандасып, жақсы адамды бостандыққа шығуымен құттықтап кіріп шықтық. Қолдау көрсеткен барша жандарға алғысын білдіріп, сәлемін айтып жатыр, — деп жазды белсенді.

Айта кетейік, Қуанышбек Ысқақов жарылыс болған Арыс қаласына жиналған қайырымдылық қорынан 80 млн теңгені алаяқтықпен алды деп сот 6 жылға бас бостандығынан айырған. Екі жыл түрмеде отырған экс-шенеуніктің жазасы жақында ғана сот қаулысымен жеңілдетілді. Ысқақовтың қалған мерзімі бас бостандығынан шектеу жазасына ауыстырылды. Яғни бұрынғы әкім 4 жылдай уақытын үйінде пробациялық бақылауда өткізеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама