×

Халықаралық тасымалдарға қатысатын техникалар утилизациялық алымнан босатылады

Қазақстанда халықаралық тасымалдарға қатысатын ершікті тартқыш техникалар утилизациялық алымнан босатылды

 Халық үні 23.07.2022 | 09:42
Фото: ашық дереккөздерден

Бұл туралы «Жасыл даму«» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Үкімет Қаулысына өзгерістулер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысында халықаралық тасымалдарға қатысатын ершікті тартқыш техникалар утилизациялық алымнан босатылатыны туралы айтылған.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің деректері бойынша «өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 25 қазандағы №763 ҚР Үкімет Қаулысына өзгерістулер мен толықтырулар енгізу туралы» 18.07.2022 жылғы № 502 ҚР Үкімет Қаулысы шығарылды. Онда кәдеге жарату төлемін енгізу туралы сертификатты беру тәртібі бойынша өзгерістер халықаралық тасымалдарға қатысатын ершікті тартқыш техникаларға қатысты «0» коэффициентін қолдану қарастырылған, — делінген хабарламада.

«0» коэффициентін қолдану үшін халықаралық тасымалдарға қатысушылар мен ершікті тартқыштарды аталған бағытта пайдалануды жоспарланған өндірушілер және (немесе) импорттаушылар, recycle.kz. сайтына кіріп, жеке кабинетінде өтінім беруі қажет. Ол жерде ершікті тартқыш халықаралық тасымалдарға қатысатынын көрсетіп, кәдеге жарату төлемін енгізу туралы сертификат (кәдеге жарату төлемін енгізгендігі туралы куәлік) жүктеледі. Оның мөлшері 0 (нөл) теңге.

Кәдеге жарату төлемін енгізгені туралы куәлік алған күннен бастап 3 ай ішінде ершікті тартқыштың иесі көлік құралын тіркеу есебіне қоюға және халықаралық тасымалдарға рұқсат карточкасын алу үшін уәкілетті органдарға жүгінуі қажет, — деп жазылған сайтта.

«Жасыл даму» АҚ халықаралық тасымалдарға рұқсат карточкасының болуын тексеруді техника иесінің қатысуынсыз уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асыратын болады.

Аталған түзетулер ҚР Үкімет Қаулысы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Қазіргі уақытта , "Жасыл даму" АҚ қажетті техникалық және ұйымдастыру шараларын жүргізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама