Қайғылы оқиға «Роща» аялдамасына жақын жерде болған
Абай облысының орталығы – Семей қаласында кәріз құдықтарының бірінен екі ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар құдықта жиналған газ буынан уланған.
Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға «Роща» аялдамасына жақын жерде болған.
21 шілдеде Затон полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оның аясында бірқатар сараптамалар тағайындалды және барлық мән-жайды зерттеу үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.