Мамандар жүкті әйелдерге де екпе алуды ұсынып отыр
Қазақстандықтарға 6 ай сайын коронавирусқа қарсы екпе алуға кеңес береміз. Бұл туралы ДСМ Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының бас сарапшысы Айдана Ергасен айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.
Оның айтуынша, СOVID-19-ға қарсы екпені уақытында алу ұжымдық иммунитетті қалыпты деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Екпенің 2 дозасын алғасын 6 айдан соң иммунитет әлсірейді. Мұны зерттеу көрсетті. Сондықтан біз 6 айдан соң үшінші дозаны, тағы 6 айдан кейін төртінші дозаны алуға ұсынамыз. Ол адам ағзасына зиянын тигізбейді. Керісінше, ол ұжымдық иммуниет деңгейін сақтап, вирусқа қарсы спецификалық иммунитетті қалыптастырады, - деді Айдана Ергасен ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Бас сарапшы жүкті әйелдерге де екпе алуға кеңес берді.
«Олар да 6 ай сайын алуы керек. Аяғы ауыр әйелдерге жүктіліктің 16-37 кеңезінде Pfizer екпесін алуға кеңес береміз», - деді ол.
Айдана Ергасен коронавирус қарсы вакцинаны алу-алмауды қазақстандықтар өздері шешетінін атап өтті.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 77-бабына сәйкес вакцина алу әр адамның жеке құқығы. Екпе алуға әр адамның өз еркі бар, ол міндетті емес, - деді бас маман баспасөз мәслихатынан соң.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның 3 түрі бар: QazVac, Pfizer, Sinopharm.