«Алтын Орда» базарының иесінен 47 миллион теңге тәркіленді
Одан басқа 1 424 776 теңге көлемінде айыппұл салынды
Сот шешімі бойынша «Алтын Орда» базарын иеленетін компанияға айыппұл салынды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.
Алматы облысы Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысы бойынша «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС әкімшілік жаупкершілікке тартылып, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодкесінің 159-бабы 3-бөлігіне сәйкес, Монополиялық жоғары бағаны қолдану кезінде алынған монополиялық кіріс 46 976 550 теңге көлемінде тәркілене отырып, 1 424 776 теңге көлемінде айыппұл салынды, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматы облысы бойынша монополияға қарсы департамент «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғап, материалдарды қарау үшін Алматы облысының Қарасай мамандандырылған ауданаралық сотына жіберген болатын.
2022 жылғы наурызда «Алтын Орда» базарын тексеру қорытындылары бойынша Серіктестік қызметінде сауда орындарын күнделікті жалға беруде монополиялық жоғары баға белгілеуден және ұстап тұрудан көрінетін үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталған.
Қарасай мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысы заңды күшіне енген жоқ.