Мұндай жағдайда тағы да соғыс болуы мүмкін
Өздерін-өздері «Днестр жағалауы Республикасы» деген құрылымның «Сыртқы істер министрі» Виталий Игнатьев болашақта Приднестровьенің Молдованың құрамынан бөлініп, Ресей Федедерациясына қосылатынын мәлімдеді.
Бұл туралы «Новости» ақпарат агенттігі хабарлады.
Алдағы уақытта Приднестровье тәуелсіздігін жариялап, Ресейдің құрамына қосылатын болады. Бұл біздің Республиканың құрылған кезден бергі арманы, мақсаты. 2006 жылы 17 қыркүйекте болған референдумда халқымыздың бәрі тәуелсіздік алған соң Ресейге қосылуға ниет білдірді. Осы ойымыздан айнымаймыз, – деді ол.
Сонымен бірге ол 1992 жылы Молдова Республикасымен азаматтық соғысты тоқтату жөнінде жасалған келісімнің мерзімі аяқталса, Приднестровьеде тағы да қарулы қақтығыстың болуы мүмкін екенін ескертті.