Қазақстандықтар жеке куәліктің электрондық нұсқасын қолдана алады
QR код арқылы жеке куәлікті растауға болады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі цифрлық трансформациялау департаментінің директоры Назгүл Бажаева қазақстандықтардың жеке куәліктің электрондық нұсқасын қолдана алатынын айтты.
Биыл 15 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды дамыту, ақпараттық қауіпсіздік және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды. Осы заңның аясында цифрлық құжаттарды қолдану іске қосылды. Оның қатарында азаматтардың жеке куәлігі де бар. Яғни, сіз EGovMobile мобильдік қосымшасы арқылы жеке куәлігіңіздің электронды нұсқасын жүктеп аласыз. Одан әрі QR код арқылы жеке басыңызды растай аласыз, – деді Назгүл Бажаева.
Бұл туралы ол «AMANAT» партиясы алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Бұған дейін жеке куәліктің электрондық нұсқасы тек мемлекеттік қызмет алған кезде халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана қолданылған еді. Жаңа заңға сәйкес енді барлық жерде жеке куәлікті QR код арқылы көрсета алады, – деді ол.
Оның айтуынша, бүгінде QR код арқылы жеке куәлікті растауға болады.