Қазақстанның Каспий порттары арқылы жүк тасымалы артты

Дастан Жұмабекұлы

Өңірге темір жол және автокөлік арқылы жеткізілетін тауар көбейді

Фото:gov.kz

Каспий порттары арқылы отандық кәсіпкерлердің жүк тасымалы артты.

Бұл туралы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының басшысы Асхат Қабашев арнайы брифингте мәлімдеді.

Қазір теңіздегі Ақтау, Солтүстік терминал және Құрық порттары толық қуатымен жұмыс істеп тұр. Соның нәтижесінде өңірге темір жол және автокөлік арқылы жүк тасымалдау көлемі де көбейді. 

«Qazaqstan» телеарнасының хабарлауынша, экспорттаушы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, жүк тасымалын үзбеу үшін жаңа контейнер хабын салу жоспарда бар. Бұл жұмыстар «Ақтау» порты арнайы экономикалық аймаққа өткеннен кейін іске асырылатын болады.

 «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ басқарма төрағасы  Асхат Қабашевтің айтуынша, екі жыл бұрын пандемия салдарынан порттарда жүк тасымалы көп болған жоқ. Оның үстіне бірнеше тауарға эмбарго енгізілді. Ол да жүк көлеміне теріс әсер етті. Қазір жағдай мүлде басқаша. Порттар толық жұмыс істеп тұр. Қосымша контейнер хабын салу үшін 19 гектар жер дайын тұр.