Үндістанда екінші рет президент болып әйел сайланды

Дастан Жұмабекұлы

Драупади Мурму ел президенті ретінде 25 шілдеде ант береді

фото: gazeta.ru

Үндістанның жаңа президенті болып Ұлттық-демократиялық альянсынан кандидат, 64 жастағы Драупади Мурму сайланды. Ол осы елдің 15-президенті болады.

Бұл туралы gazeta.ru хабарлады.

Драупади Мурму – Үндістан президенттігіне сайланып отырған екінші әйел. Алғашқысы Пратибха Патил (2007-2012 жылдары) болды. Сондай-ақ Д. Мурму Үндістанның Ұлыбританиядан тәуелсіздік алғаннан дүниеге келген тұңғыш президенті. Ол 1958 жылы туған. Джаркханд штатының экс-губернаторы болған.

Драупади Мурму ел президенті ретінде 25 шілдеде ант береді. Мемлекеттің іс басындағы басшысы Рам Натх Ковиндтің өкілеттік мерзімі 24 шілдеде аяқталады.